
Алматы облысы Талғар ауданындағы Кеңдала маңында үлкен Алматы каналына автобус түсіп кетті. Куәгерлердің сөзіне қарағанда автобустың дөңгелегі жарылып, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.
Облыстық ПД мәліметі бойынша: Апат Алматы — Талғар тас жолында болған. Автобуста 7 жолаушы мен жүргізуші болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Медициналық тексеруден кейін жолаушыларға үйге баруға рұқсат етілді. Апатқа дөңгелектің желі шығып кетуі себеп болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram