jasqazaq.kz

Автобус ішінде болған қызға ота жасалды

16 қыркүйек 2019, 12:35


Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Ақсеңгір – Шамалған өткелінде жолаушы пойызы мен автобустың қақтығысуы салдарынан зардап шеккен үш адамның денсаулық жағдайы туралы жаңа мәліметтер пайда болды.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Белгілі болғандай, Қарасай аудандық орталық аурухананың базасында Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы мен Алматы қалалық № 1 клиникалық аурухананың дәрігерлері зардап шеккен 2014 жылғы қыз балаға операция жасады, әзірге баланың жағдайы ауыр. Ал 2016 жылғы бүлдіршіннің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Екі пациент те комада, жасанды демалдыру аппараттары қосылған. Ал аналарының жағдайы тұрақты ауыр», — делінген хабарламада.

Зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білікті мамандар тартылған.

«Зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білікті мамандар тартылды. Олар — Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының, Алматы қалалық № 1 клиникалық ауруханасының балалар және үлкендер нейрохирургтары, травматологтары мен реаниматологтары. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде», — делінген хабарламада.

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған, пациенттер жағдайы туралы сағат сайын хабарланып отыр.

Еске салсақ, 15 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында «Алматы — Қостанай» бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы мен «Алматы —
Қаскелең» бағытындағы «Сетра» маркалы автобус соқтығысып, соның салдарынан автобус жүргізушісі мерт болып, 3 жолаушы — 1986 жылғы әйел адам мен оның 2014 және 2016 жылы туған балалары зардап шеккен. Автобуста жалпы саны 67 адам болған. Соқтығысу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде