Алматы облысында көлік апатына түскен 8 оқушы мен бір мұғалім Алматы қаласының ауруханасына ауыстырылды. Зардап шеккендердің барлығы Алматы қаласындағы №134 мектеп-гимназиясында оқиды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Бүгін біздің ауруханаға 9 адам түсті. Оның 8-і — бала. Олардың жағдайы қанағаттанарлық және орташа деңгейде. Барлығына медициналық тексеру жүргізілді, диагноз қойылды. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасымен арадағы келісімшарт бойынша барлығы Алматыдағы №1 клиникалық ауруханаға жіберілді», — деді Жамбыл аудандық орталық ауруханасының директоры Дамир Сураужанов.