jasqazaq.kz

Автобус адамды сүйреп кеткен: Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды

16 қараша 2019, 13:13

Елордада адамды сүйреп кеткен №70 автобустың жүргізушісіне қатысты қызметтік тергеу басталды.Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«15 қараша күні сағат 19.30-да қозғалып кеткен №70 автобустың ашық есігінен бақылаушы сыртқа жығыла құлады. Оның аяғы есікке қыстырылып, автобус адамды бірнеше метрге дейін сүйреді. Осыдан кейін жігіттің аяғы босағаннан кейін ғана жүргізуші қозғалысты тоқтатты. Жігіт қайта дөңгелектің астында түсіп кетпей, аман қалды. Елорданың қоғамдық көлігі туралы басқа не деуге болады. Анау жігіттің орнына кез келген адам – зейнеткер немесе бала болуы мүмкін еді. Қоғамдық көліктің мәселесі бұрыннан шешілмей келе жатыр», — дейді Сергей Корняков атты қолданушы «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында.

Оның жазуынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.

Бұk жағдайға қатысты ҚазАқпарат тілшісіне «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.

«Қазір жүргізуші және бақылаушы Көліктік бақылау департаментіне шақырылды. Автобустағы бейнежазбалар алынады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері болған оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеген соң, белгілі бір шешім қабылданады. Әзірге қызметтік тексеру аяқталған жоқ», — деп хабарлады компаниядан.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда