Алматыда өткен кәсіби дегустация аясында Австрия елшілігінің сауда бөлімі бес қазақстандық импортёрлармен бірлесе отырып австриялық шараптарды ұсынды, олардың ерекше сапасы туралы, Қазақстандағы сұраныс жоғарлап келе жатқандығын, сонымен қатар Австрияның ең маңызды кулинарлық экспорттық тауарларының бірінің халықаралық танымалдылығы туралы әңгіме қозғалды.

Австрия Елшілігінің Сауда Атташесі Филипп Винклер: „Шарап – австриялық мәдениеттің маңызды бөлігі. Біздің еліміз әлемдегі ірі шарап өндірушілерінің қатарына кірмейтін шығар, бірақ үздіктерінің қатарына кіретіндігі сөзсіз. Өткен жылы австриялық шараптар ие болған көптеген халықаралық сыйлықтар осының дәлелі болып табылады. 2017 жылы Австрия құны 160 миллион Еуроны құрайтын 47 миллион литр шарапты экспорттады. Бұл жаңа рекорд болды. Қазақстанда біз австриялық шарапқа сұраныстың жоғарлауын бақылаймыз. 2016 жылы қазақстандық шарап дүкендерінің сөрелерінде тек 5 австриялық шарап түрлері болған. Екі жылдан кейін 25 көп австриялық шарап сатылады. Біз бүгін өзіміздің қазақстандық серіктестеріміз KWS, Bottle, Monte Bianco, Wine Club және Terrawinе бірге жұмыс жасай отырып, австриялық шараптың ерекшелігін ұсынуға қуаныштымыз»-деді.

Австрия бүкіл әлемге танымал, ең бастысы өзінің әртүрлі мәдениетімен, бірегей ландшафтымен, сонымен қатар ерекше тағамдарымен. Австрияда қонақжайлылыққа ерекше назар аударылады және шараптың орны өзгеше. Өзінің балғындығы мен өзінің ерекше дәмінің арқасында австриялық шараптар елдің көптеген кулинарлық тағамдарының оңтайлы қосымшасы болып табылады. Сомелье және шараптар бойынша сарапшы Анастасия Наумецкая Австрияға сапарда болған кезде осыған бірнеше рет көз жеткізуге мүмкіндігі болды.
Анастасия Наумецкая, шараптар бойынша сарапшы: «Мен әр жыл сайын Австрияда боламын және әр кезде австриялық шаптардың дәмдік әр түрлілігі мен қайталанбастығына таң қаламын. Австрияда жүзімнің ерекше сорттарын өсіру үшін оңтайлы климаттық жағдайлар бар. Онда өндірілген шараптар тек австриялық тағамдарға қосымша ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемнің тағамдарына үйлеседі. Мен үшін Қазақстандағы австриялық шараптардың танымалдығы түсінікті. Өйткені бұл әлемдегі ең үздік шараптардың бірі және қолжетімді баға бойынша есте қаларлық әсер аласың». Сондықтан мен Қазақстандағы австриялық шараптардың саны жақын жылдарында ары қарай өседі деп сенемін».
Австриялық шарап және онымен байланысты Австриядағы оқыту семинарлары кәсіби шарап сыншыларының және бүкіл әлемдегі сарапшылардың орталығына айналып барады. 2018 жылдың көктемінде шарап бойынша қазақстандық сарапшылардың тобы Австрияның шараптық өңірлеріне сапармен барып және онда өзінің білімдерін жоғарлатты.

Импортёрлар KWS, Ecotrade/Bottle, Monte Bianco, WineClub және Wine Territory қазіргі уақытта өзінің ассортиментінде көптеген австриялық шараптары бар. Австриялық шараптардың танымалдылығының арқасында олар жақын айлар кезінде өзінің ұсынысын арттыратын болады.
Айтылған импортёрлардың білімі жоғары және шарап әуесқойларына, шарап талғағыштарға және сарапшыларға кәсіби кеңестерді ұсынады.