jasqazaq.kz

Австриялық шараптың дәмі таныстырылды

25 желтоқсан 2019, 18:12

  Қазақстандағы Австрия Елшілігінің сауда бөлімі Австриялық шарап маркетингі кеңесімен (AWMB) бірге жаңа жыл қарсаңында Алматыда австриялық шараптардың үздік үлгілерінің дегустациясын өткізді. Іс-шараны өткізуге жүзімнің рекордтық өнімін алған австриялық шарап жасаушылардың өткен жылғы үлкен жетістігі себеп болды. Жиналған өнімнен австриялық тұтынушыларға және басқа елдерге экспортқа жіберілген жоғары сапалы шарап саны рекордтық көрсеткішке жетті.

Осылайша 2018 жылы Австриядан шарап экспорты бұрынғы рекордты жаңартты: экспортқа 170,3 млн. еуро сомасына 52,6 млн. литр шарап жіберілді. Өткен жылмен салыстырғанда экспортқа шарап өндіру көлемінің өсуі 10,5%-ды құрады, сондай-ақ айналым 6,9%-ға өсті. Экспорттық шараптың жартысына жуығы көршілес Германияға сатылды, шамамен 12%-ы Швейцария мен Лихтенштейн экспортын құрады, австриялық шараптың 8,5%-ы АҚШ-қа жіберілді, 6,4%-ы Нидерландыға және 3,1%-ы Ұлыбританияға жөнелтілді. Қазақстандық сомельенің пікірі бойынша, Австрия шараптары біздің елімізде сәнді болып келеді – олар барлық шарап бутиктерінде кездеседі, түрлі танымал мейрамханалар оларды шарап картасына қосқысы келеді.

— Біз Австрияда жергілікті шарап жасаушылардың жетістіктерін мақтан тұтамыз, — деді іс-шарада Қазақстандағы Австрия Елшілігі сауда бөлімінің басшысы Рудольф Талер. — Ішкі өндірістің өзінде 15 жыл ішінде шарап саласы австриялық экспорттың маңызды тармақтарының біріне дейін өсті, ол австриялық музыка және инженерлік ғылыммен танымалдығы бойынша бәсекелеседі. Австриялық шараптардың ең үздік үлгілері бүгінде бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда да көрсетілгеніне қуаныштымын.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты