jasqazaq.kz

Австралиялық азамат екі айда қазақ тілін үйреніп алды (видео)

15 ақпан 2021, 16:57

Саясаттанушы Расул Жұмалы Facebook парақшасында қазақша еркін сөйлей алатын шетел азаматының видеосын жариялады. Айтуынша, Иуан Смит есімді австралиялық жігітке екі айда қазақ тілін үйретіп шыққан өзінің ұлы Әли.

Расул Жұмалы Иуан Смиттің қазақ тілі сабағын онлайн оқығанын айтады. Ол небәрі екі айдың ішінде тілді жоғары деңгейде меңгерген азаматқа қол соқты. Алайда саясаттанушы қынжылысын да жасырмады. «Мынау Иуан Смит деген Австралияның жігіті. Ұлым Али оған қазақ тілін интернет арқылы үйретіп, екі-ақ айдың ішінде кәдімгідей деңгейге көтерілді. Бәрекелді! Бірақ осыған қарап өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтады», — деп жазды Расул Жұмалы әлеуметтік желіде.

Видеода Иуан Смит қазақ тілін өзіне тіл үйрену ұнайтындықтан және Қазақстанға қыдырып келу мақсатында оқып жатқанын айтқан.

Оның ойынша, бір мемлекетте тұрсаң, сол елдің тілін білуге тырысу керек.

«Егер бір адам шет тілінде сөйлей алмаса, ол проблема емес. Бірақ адам шетелде тұрса, сол елдің тілін үйренуге тырысуы керек», — дейді ол. Қазақша сөйлеген шетел азаматына сүйсінген желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. «Қандай тамаша. Үйренген ұнайды депті. Тілді жақсы көрген адам үйренеді демек. Балаңыз шебер оқытушы екен», «Бәрі ниетке байланысты», деп жазды олар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде