jasqazaq.kz

Австралиядағы өртті жаңбыр сәл бәсеңдеткенімен, тілсіз жау қайта өршуі мүмкін

07 қантар 2020, 13:34

Австралия бүкіл құрлықты жалмаған тілсіз жаумен тынымсыз күрес жүргізіп жатыр. Ауа температурасының жоғарылығы мен құрғақшылық өртті тіпті өршітіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC-ге сілтеме жасап. Австралияның өрттен жапа шеккен аудандарына жаңбыр жауа бастады. Ауа температурасы да төмендеген. Десе де, шенеуніктер өрттің тың серпінмен өршуі мүмкін екенін ескертеді. Тілсіз жауды ауыздықтау сызығын бекемдеп алу үшін құтқарушылар ауа температурасының төмендеуін сәтті пайдаланып қалуға тырысып жатыр. Жаңбыр Сиднейден Мельбурнға дейінгі шығыс жағалауға жауған. BBC-дің хабарлауынша, Жаңа Оңтүстік Уэльстің кейбір бөлігінде өтпелі жауын жүріп өткен. Жаңбыр суының құрамына күйе сіңіп кеткен. Жауын осыдан қап-қара болып жауып тұр. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, жұмаға қарай ауа температурасы қайтадан шұғыл көтеріледі. Олардың ақпаратына сай, Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльстегі өрт қосылып кетіп, ахуал тіпті ушығуы мүмкін.

Австралияда ауаның ластануы қауіпті жағдайда қалып отыр. Автралияның сақтандыру кеңесі келтірілген шығынға байланысты қыркүйекте өрт басталғалы бері 700 млн австралиялық доллар (369 млн фунт стерлинг) сомасына 9 мың сақтандыру талабы сатылғанын мәлімдеді. Қазынашы Джош Фриденбергтің ABC-ға берген хабарламасына сай, өрттің экономикалық шығыны жайлы бірдеңе деуге әлі ерте. Қыркүйекте 25 адам мен миллионға тарта жан-жануар көз жұмып, 2 мыңға тарта үй жермен-жексен болған. Ал премьер-министр Скотт Моррисон алдағы екі жылда өрт шығынын қалпына келтіру үшін 2 млрд австралиялық доллар (1,4 млрд доллар; 1,1 млрд фунт) бөлінетінін мәлім етті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия