jasqazaq.kz

Австралиядағы өрттен миллиардтаған жануар қырылды

09 қантар 2020, 11:07

Сарапшылардың пікірінше, Австралияда орман өртінің салдарынан 1 миллиардтан астам жануар қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап. Сидней Университетінің дерегіне сәйкес, осы жануарлардың 800 миллионы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орман өртінен қырылған. Аутралияда өрт маусымы әдетте желтоқсаннан наурызға дейін болатын, бірақ биыл қыркүйекте басталып, әлі бірнеше айға жалғасады. Елдегі ауқымды өрттің салдарынан Аустарлия тірі табиғатына айтарлықтай зиян келді.

Штаттың мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өрт салдарынан 1687 үй, 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 771 үй қираған.

Жергілікті өрт сөндірушілердің арқасында штаттағы 21 000 үй аман қалғаны аталып өтті. Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон дүйсенбі күні елде кем дегенде 25 адам қаза тауып, 2 мың үй қирағанын мәлім етті. Аустралияда өрт маусымының басында 12 миллион акр жер өртке оранған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия