jasqazaq.kz

Австралияда құлпынайдан ине шықты

23 қыркүйек 2019, 15:34

Австралияда полицейлер құлпынайдан ине табылудың 2 дерегін зерттеуді бастады.

Бұл туралы ABC хабарлайды.

30 жасқа толуын атап өтпек болған Мельбрун тұрғыны Скай Уилсон мерейтойлық дастарханға құлпынаймен безендірілген торт қояды. Көздің жауын алар жемістің дәмін де көрмек болған келіншек ойламаған жерден келеңсіздікке тап болды. Ол тістеген құлпынайдан инеге ұқсас үшкір зат шықты. Полицейлер құлпынай қаланың солтүстік бетіндегі Coles супермаркетінен сатып алынғанын анықтады. Кейін ол шоколдқа оралып, тәттілер дайындайтын орынға жіберілген. Бұл соңғы бірнеше аптада қайталанып отырған осымен екінші жағдай. Бұған дейін Фэрфилд ауданындағы дүкеннен сатып алған жемістен бөгде зат табылған еді. 2018 жылдың қыркүйегінде қол инесі мен түйреуіштер жасырылған жемістер австралия штатының 6 аумағында сатылып келгені белгілі болды. Жалпы осыған ұқсас жағдайлардың саны бүгінде 230-ға жетті. Бұл іске қатысы болуы мүмкін делінген Ми Ут Чинь атты ферма қызметкері қамауға алынып, қазір ол сот шешімін күтіп отыр.

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық