jasqazaq.kz

Авиациялық жабдықтарды шекара асырмақ болған

24 қантар 2019, 14:46

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері әскери авиациялық техниканы Таяу Шығыс елдеріне заңсыз өткізбекші болғандардың әрекетіне тосқауыл болды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті мәлімдеді.

«Қазақстан азаматтарынан тұрған қылмыстық топ елден авиациялық жабдықтарды заңсыз алып өтпекші болған. Құқыққа қарсы жасалған келісімшарттың сомасы 122 мың доллардан асты. ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 2-бөлігі бойынша («Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы») қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада. Департаменттің мәліметінше, 16 қаңтарда тергеу шаралары барысында әскери құрал-жабдықтардың басқа елге тасымалдауға дайындалып жатқаны анықталды. Осы іске қатысы бар адамдар ұсталды. Алматы қаласының Мамандандырылған сотының шешімімен олар Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу изоляторына қамалды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық