jasqazaq.kz

Ауызашар — үйде

14 сәуiр 2020, 16:58

Карантин күндері әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуі керек. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

«Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда және басқа да мекемелерде жиналып, ауызашар беруді уақытша тоқтатуға шақырамыз. Сондықтан карантин күндері әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуге, көпшілік орындарда (дәмхана, мейрамхана) жиналмауға үндейміз», — деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Осы орайда ол қазіргі жағдайға қарай, ораза ұстаған адамдарға ауызашар беруде тиісті қайырлы амалдарды жүзеге асыруға шақырды. Бұл тұрғыда мейрамханаларға тапсырыс беріп, ауызы берік адамдарға тамақ тарату, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарату арқылы ауыз аштыру, ауызашарға жұмсалатын шығындарды ораза ұстаған адамдарға қаржылай беру секілді амалдарды ұсынды.

«Қасиетті айда көбірек игі іс жасауға асығайық. Ата-анамыздың, үлкен кісілердің дұғасын алайық. Туыстарымыздан хабар алып, хал-жағдайын сұрайық. Мүмкіндікке қарай, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрайық», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі