jasqazaq.kz

Ауыр жүк тасығыш көліктер қозғалысы уақытша шектеледі

04 наурыз 2020, 17:30

Көктемде тасжолдардың конструктивтік элементтерінің жүк көтеру мүмкіндігі төмендейтіндіктен жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты шектеу түрлі уақытта енгізіледі, деп хабарлайды ҚР ИИДМ. Атап айтқанда, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында және Қарағанды облысының Жезқазған өңірінің жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Қарағанды облысының Қарағанды өңірінің жолдары ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысы үшін жабық болады. Айта кету керек, көктемде қозғалысты уақытша шектеудің халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін, жолаушылар мен қолжүгін, сондай-ақ дәрі-дәрмектер тасымалдайтын автокөлік құралдарына қатысы болмайды.

24.kz

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)