jasqazaq.kz

Ауыр қылмыс үшін іздеуде жүрген азамат полицияға өзі келіп берілді

22 қараша 2017, 10:42

Түркістанда ауыр қылмыс жасап қашып жүрген күдікті өз еркімен қадағалау органы өкілдеріне келді, деп хабарлайды stan.kz.

Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді. Қала прокурорының сөзінше, сезікті осы жылдың маусым айында зорлау қылмысын жасады деген күдікке ілінген болатын.

Алайда ол тергеу болып жатқанына қарамастан ізін суытқан. Оны табуға тәртіп сақшылары әрекеттенгенімен, нәтиже шықпапты.

Араға үш ай салып барып ол өзінің қорғаушысымен бірге прокурорға әділдік іздеп келгенін айтқан.

«Мұндай жағдай 17 жылдық тәжірбиемде алғаш рет болып отыр. Ауыр қылмыс жасағаны үшін 3 ай көлемінде іздеуде жүрген адам, заңды өкілімен бірге келді. Ол «Түркістан қалалық прокуратурасы туралы сырттай естіп жатырмыз, біздің іс бойынша әділ бағасын берерсіз деп» прокуратураға өзі келді.

Оның бұлтартпау шарасын күзетпен ұстау туралы сот қаулысы шыққандықтан, сезікті жігіт қамауға алынды. Істің тергелу барысы енді прокуратураның бақылауында болады»,- деді Руслан Әбдірайымов.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті