jasqazaq.kz

Ауылдасын азаптап өлтіргендер ұсталды

20 желтоқсан 2018, 15:47

Түркістан облысында жергілікті тұрғынды азаптап өлтіріп, ауыл шетіне тастап кеткен. Келес ауданында болған ауыр қылмыс бойынша күдіктілер бір аптадан соң ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған аудандағы кенттердің бірінің шетінен денесінде зорлық-зомбылықтың белгісі бар кісі мәйіті табылған. Оқиға орнына келген полицейлер марқұмның жергілікті тұрғын екенін анықтап, шұғыл шара қабылдап, қылмыскерлерді іздеуге кіріскен. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген бірнеше күдікті ұсталды. Олардың арасында бұрын сотталғаны да бар болып шықты. Жауап алу барысында күдіктінің бірі өлген адаммен бір күн бұрын түнде жанжалдасып қалғанын, кейіннен оған пышақ сұғып алғанын мойындаған. Қылмысты жасыру мақсатында танысымен бірге мәйітті ауылдың сыртына айдалаға тастап кеткен. «Қазіргі таңда кісі өлімі бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер ауыр қылмыстың барлық себеп-салдарын анықтауда» делінген хабарламада.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді