jasqazaq.kz

Ауылдастарына 50 млн теңге бөледі

07 желтоқсан 2018, 11:29

Жамбыл облысындағы «Шәушен» қожалығының иесі Сайрамбай Дөненбаев жомарттығымен жерлестеріне танылған. Кәсіпкер 220 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Одан бөлек, өзі тұратын ауылдың халқына әлеуметтік көмек ретінде жылына 50 миллион теңге қаржы бөлуді өзіне міндет етіп қойған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Сайрамбай Дөненбаев осыдан 22 жыл бұрын ата кәсіпті қолға алған. Бар-жоғы 20 жылқы, 20 ірі қара, 500 бас қоймен шаруа қожалығын ашыпты. Мемлекеттке масыл болудан қашып, қиындықтарға мойымай, өз күшімен өрісін кеңейтеді. Соның арқасында бүгінде қой басын 52 мыңға, жылқыны 2 мың 200-ге жеткізіп отыр.

«Қой шаруашылығы деген атадан қалған кәсіп қой. Шаруашылықты аяқтан тұрғызу оңай болмады. Осы дүниенің бәрі қойдың арқасында салынған нысандар десем жалған айтпаймын», —дейді Сайрамбай Дөненбаев.

Қожалық, қой мен жылқы етін экспортқа шығарады. Ерте көктемде Иран мен Біріккен Араб әмірлігі елдеріне еттің алғашқы партиясын жіберген. Жергілікті «Меркі ет» комбинатымен келісімшартқа отырып, 8 мың бас қой еті шетелге шығарылыпты. Одан бөлек, Астанаға да ет өткізіп келеді.

Жұмысшыларға жалақы еңбек өтіліне қарай беріледі деді. Ал, үздік шопандарға жылына 500-600 бас қой беру арқылы ынталандырып жүр. Ал, шопандардың балалары үшін Жарлысу ауылынан 150 миллион теңгеге интернат пен 92 орындық балабақша салған. Бұл ата-аналардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін жасалғанын жеткізді. 20 шопанның отбасы үшін жекешелендіру құқығымен 10 үй салып берген.

Алыста жүріп «Атымтай жомарт» атанған кәсіпкер әлеуметтік көмек ретінде жылына 50 миллион теңге елдің игілігіне бөледі. Келісі жылы тағы 60 орындық балабақша мен спорт сарайын салуды да жоспарлап отыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді