Ауылда жүз түрлі жұмыс бар

28 қазан 2016, 11:50

Соңғы кездері «ауыл тозып кетті, ауылда жастар қалмады, бәрі қалаға қарай ағылатын болды, ауылда тек қарттар ғана қалды», – деген сарындағы әңгіме жиі айтылатын болды. Ал осы алтын бесік ауылды өркендететін кім сонда?

Ауылда жастар көбейсе, жұмыс та молаяды. Туған жер алтын ұя, өскен өңір қызыққа толы, жерұйық мекенге айналар ма еді.
Әр ауылда мәдениет үйі салынған. Сонда кейбір өнерге жақын азаматтар жергілікті әкімшілікпен байланысып, ауыл жастарының басын қосып, түрлі мәдени шара өткізуіне болады. Аптасына екі-үш мәрте сауық кешін, түрлі пікірсайыс өткізу, өлең оқып, айтыс ұйымдастыруға не кедергі. Спорттық орындарды да ашуға мүмкіндік мол. Кейбір ауылда, тіпті жүзу бассейнін, жаттығу залын ашуға да жағдай бар.

c782a28ea820515de515914a07273be8_big

Ширек ғасырда ауылдан қалаға қарай босып кеткен жастардың тапқан жұмысы ең мықты дегенде құрылыс. Қалғаны байдың ауласын сыпырып, үйіне күзетші болып, базарда арба сүйреп, темір жолда жүк тасып, біразы автотұрақта тыйын жинап жүргені. Түк таппағаны Алматының Сейфуллин көшесінде күні бойы жұмыс іздеп әркімге телміру, тоқтаған көлікке таласа-тармаса жүгіру. Кейбірі жеке мекемелердің алдындағы үйшікте бір тәулікке күзетші болып, екі күн жалдамалы пәтерінде ұйқылы-ояу жүрумен өмірін өткізеді. Көбі соған ыңғайланып алған.
Дегенмен, қазақ жастары шетінен жалқау, ештеңе істегісі келмейді деген ойдан аулақпыз. Естеріңізде болса, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау, қожырау кезінде жастар саудаға да жедел бейімделіп алды. Кей тұстарда, тіпті ұйғыр, өзбектеріңізден де басып озды. Алайда өмір тек саудадан ғана тұрмайды. Біз жастарды жалқау демей-ақ қоялық. Біразы ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп, соған бейімделіп алған. Аз жұмыс істеп, мол ақша тапқысы келеді.
Ал біле-білгенге негізгі кәсіп ауылда емес пе? Ізденгенге жүз түрлі жұмыс бар. Колхоз, совхоз тарағанымен ұжымдасып мал бағып, жерге ие болып, мая-мая шөп жинап, егін егіп, бақша салып, тірлік жасауға мүмкіндік мол. Құрылыс та баршылық.Толып жатқан кәсіп түрі де жеткілікті. Айталық, кез келген ауыл, елді мекенде шаштараз, етікші, тігінші, сауданың сан түрі, мал өнімін өңдеу, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, сүт, қымыз, шұбат өндіру бар емес пе? Тіпті түрлі тамақ пісіріп, кей мекемелерге апарып сатуға да болады. Тары, талқан, сарымай, жент дейсіз бе, бәрі ауылдан өндіріледі. Тоқыма бұйымдарымен шұғылдану, жүн өңдеу, көрпе құрап, сырмақ тоқу, текемет басу секілді сан түрлі шаруамен айналысуға болады. Аяқ астында жатқан осыншама байлықты игермеу ұят енді.

ae8bbc17-dbed-4b52-babb-a8f03d282e3a_cx0_cy21_cw88_w987_r1_s_r1
Әркім өзінің бейіміне, ыңғайына қарай қолынан келетін жұмысты игеріп әкетуіне мүмкіндік мол. Мысалы, кейбір жігіттер техникаға икемі бар. Олар автожөндеу цехын ашса қанеки. Өйткені қазір жұрттың бәрінде көлік баршылық. Кейбірі теледидар жөндеп, компьютердің «ішек-қарнын» ақтарып тастап жинауға, соны жұмыс істетіп, интернетке қосуына ыңғайы бар. Тіпті кейбір өнертапқыш жел, су, күн қуатын тиімді пайдаланып, ауылды, мал фермаларын, егістік алқапты электр қуатымен қамтамасыз етуге болады. Алайда кей ауылда әп-әдемі салынған мәдениет үйі электр қуатынан ажыратылғандықтан, жарықсыз, жылусыз қаңырап бос тұр.
Ауылда жастар көбейсе, жұмыс та молаяды. Туған жер алтын ұя, өскен өңір қызыққа толы, жерұйық мекенге айналар ма еді.
Әр ауылда мәдениет үйі салынған. Сонда кейбір өнерге жақын азаматтар жергілікті әкімшілікпен байланысып, ауыл жастарының басын қосып, түрлі мәдени шара өткізуіне болады. Аптасына екі-үш мәрте сауық кешін, түрлі пікірсайыс өткізу, өлең оқып, айтыс ұйымдастыруға не кедергі. Спорттық орындарды да ашуға мүмкіндік мол. Кейбір ауылда, тіпті жүзу бассейнін, жаттығу залын ашуға да жағдай бар. Онда футбол, волейбол, күрес, бокс, ұлттық ойын түрінен жарыс өткізсе, қандай тамаша. Ендеше неге жастар серпілмейді?
Елімізде он жүздік жер әркімге берілуде. Соған ауылда жаппай үй салып, сан түрлі шаруамен айналысуға болады. Қыздар гүл өсірсін. Туған күн, той, мерекелерге соны сатсын, ол да кәсіп.
Көбі жұмысқа шығайын десе сәбиін кімге бақтырып, қайда тастарын білмейді. Демек, жекеменшік бала-бақша ашуға да болады. Өйткені ауылда жастар көбеюде. Қалаға қарай зытып отырмай, соңғы жылдары отбасын құрып, сәбилі болып жатқандар да арта түскен.
Жастардың бәрі жаппай жоғары білімді болғысы келеді. Барын салып, малын сатып, несие алып, әйтеуір диплом алады. Кейбірінің екі-үш дипломы бар. Бірақ қалада жұмыссыз сенделіп жүргені. Әрине, жастар оқысын, техниканы меңгерсін, ғылым қусын, дамысын, өсіп өркендесін. Алайда соның бәрі ғалым болмайды ғой. Шетінен шенеунік, әкім, прокурор, заңгер, кеденші, сот болғысы келеді. Оның да заманы өтуде. Сонда басқа кәсіпті кім игереді?
Жақында «Айтуға оңай» бағдармасында 15-16 жасында, яғни тым ерте үйлеген жастар туралы мәселе көтерілді. Кейінгі жылдары бұл сирек кездесетін жәйт. Міне, сол тым жасынан шаңырақ көтерген азын-аулақ жастар өз басынан кешкенін баяндап жатты. Солардың ата-анасы да жастар еді. Ғалымдардың пайымдауынша, жас отау құрғандардың сәбиі өскенде ақылды, алғыр, әдемі, дарынды, зерек, денсаулығы мықты болып шығады екен.
Ал жетпісінші жылдары, яғни осыдан қырық, елу жыл бұрын ғана азаматтар әскерден келе салып 20-22 жасында үйленіп алатын. Қыздардың көбі мектеп бітіре салысымен тұрмысқа шығатын. Соған орай қырық жасында немерелі болып, алпысында шөбере сүйіп жататын.
Ал тоқсаныншы жылдардан бері жастар, тіпті қырыққа дейін жүріп алатынды шығарды. Олардың айтатыны, «жұмыс жоқ, жағдай жоқ, үй жоқ, қалай шаңырақ көтеремін?» деген желеу. Бұл да ауылдағы тоқырау, жұмыссыздық, бей-берекетсіздіктің салдарынан орын алған келеңсіз жағдай.
Қазақта той көп екені даусыз. Соған орай тиісінше тойхана, кафе баршылық. Қолынан келгені тойхана салып, содан табыс табуға ыңғайланып алған. Сол тойға баратын қыз-келіншектер қас-кірпігін түзеп, бетін әрлеп, боянатыны заңды нәрсе. Демек, маникюр, педикюр, визажист дей ме, қолынан келгенге ол да жұмыс. Яғни сұраныс бар. Жұрт кешіксе де тойдан қалмайды. Бармасақ ұят болады дейді. Сөйтіп тойдан демалып емес, шаршап, шабылып қайтады. Той мәселесі бөлек әңгіме.
Бірер жыл бұрын «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы қабылданды. Сол арқылы жастар ауылға баруда. Ендігі жерде осы жобаны халықтық науқанға айналдырып, үкімет тарапынан қаржы бөлініп, жастарымызға ауылда тұруға жағдай жасалса, күні ертең-ақ ауыл қайта түлеп, гүлденіп шыға келер ме еді.
Осының бәрін ауыл жастары жұмыс жоқ демесін, түрлі желеумен туған жерден жырақтамасын, алтын ұя, туған жерін өркендетсін, атамекенін гүлдендірсін, ауылын абаттандыруға үлесін қоссын деген оймен айтып отырған жәйт. Ата-баба жатқан жер, туып-өскен топырақ қараусыз қалмасын.
Біле-білгенге далада да, қалада да жұмыс жетерлік.

Саясат Бейісбай,
журналист

 

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды