jasqazaq.kz

Ауыл тұрғыны өмірден өткен әкесінің зейнетақысын заңсыз алып келген

11 наурыз 2021, 16:06

Қазығұрт аудандық полиция басқармасына аудан прокуратурасынан құжаттар келіп түсті. Онда жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болған әкесіне мемлекет тарапынан төленетін зейнетақысын заңсыз алып келгені көрсетілген. Бұл туралы ТО ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Осылайша тұрғын зейнетақыны алу мүмкіншілігі жоқ екенін біле тұра, 2 жыл 3 ай заңсыз алып, мемлекетке 1 миллион 200 мыңнан астам теңге шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Ақпарат алысымен полицейлер бірден әрекет етіп, күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-не жеткізді. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Бас шарасы «міндеттемеде». Бүгінде тұрғын мемлекет тарапынан 2 жыл алдын дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған ақшаларды қайтарған.

Түркістан облысының полицейлері осындай оңай жолмен ақша таппақ болған тұрғындарды құрықтауда. Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға кез келген мәселені заң жүзінде шешуге кеңес береді. Қандай да бір заңсыздық орын алса, ол міндетті түрде әшкере болып, соңы қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия