jasqazaq.kz

Ауыл тұрғыны бұрынғы әйелінің жылқысын ұрлап, сатып жіберді

15 сәуiр 2021, 15:04

Түлкібас АПБ-на жергілікті тұрғын әйел түнгі уақытта белгісіз тұлғалардың ауласына кіріп, 1 жылқысын алып кеткені туралы арызданған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы 400 мың теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мал ұрлығын ашу мақсатында Түлкібас АПБ-нен аса тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық жайылымдар мен шаруашылық аулаларды аралап, куәгерлерден сұрастырып, үй малын тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексеріп, барымташыларды іздестіру және ұстау бойынша басқа да іс-шараларды жүзеге асырды. Бір күннен кейін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын азаматты ұстады. Ұсталғанды аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында күдікті азамат жәбірленушінің бұрынғы азаматтық некедегі жолдасы болып шықты. Ол мал ұрлығын пайдакүнемдік мақсатта жасағанын мойындады. Содан күдікті азамат жылқыны өз танысына 170 мың теңгеге бағалап, сатып жібергені белгілі болды. Ұрланған жылқыны тәртіп сақшылары тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті азамат қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын және мал ұрлығынан басқа да ұқсас қылмыстарға қатысын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болуға және үй малын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер, сіз, біреудің мүлкін ұрлаудың немесе мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде