jasqazaq.kz

Ауыл тұрғындары дәрігерлік амбулаторияның есік-терезелерін қиратты

19 сәуiр 2020, 14:36

Алматы облысында ауыл тұрғындары дәрігерлік амбулаторияның есік-терезелерін бұзып, мекемені коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін пайдалануға қарсы екенін білдірді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оқиға 19 сәуірде сағат 00.15-те Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Береке ауылында болған.

Жергілікті тұрғындар ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның алдына жиналған. Олар ауылдағы медициналық мекеменің коронавируспен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар оқшауланатын обсервациялық стационар ретінде пайдаланылуына наразы екенін білдірген.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, амбулаторияның ішінде ешкім болмаған, бос тұрған.

«Тұрғындар арасынан бұзақылар шығып, ғимаратқа материалдық шығын келтірді. Есік-терезелерін бұзып, 30 төсек пен матрацты сыртқа лақтырған. Жиналғандардың ішінде жекелеген адамдар мас болған», — деді әкімдіктен.
Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев жиналған тұрғындармен сөйлесуге келіп, түсіндіруге тырысқанымен ауыл тұрғындары әкімнің сөзіне қанағаттанбай, обсервациялық стационарды жабуды талап еткен.

Бұдан кейін мас азаматтар Қарасай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігіне сәйкес, яғни бөгденің мүлкіне қасақана зиян келтіру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекеттер ұйымдастырып, бұзақылыққа жол бергені үшін кінәлілер қатаң жазаланады»,- деп ескертті әкімдіктен.

Алматы облысының әкімдігі тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми мәліметке ден қоюға шақырады.

Күмәнді ақпарат көздерінен жалған ақпарат таратқандар, осы тектес әрекеттерге жол бергендер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі