jasqazaq.kz

Ауыл тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты

02 сәуiр 2018, 12:43

Алматы облысының Сарқан ауданына қарасты Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты. Осылайша, олар туған жерге құрметтің керемет үлгісін көрсетіп, өзгелерге де осындай игі іске жұмылуға шақырып отыр.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары алдымен ортақ қор құрып, сосын сол қаражатқа Лепсі ауылына дейінгі жолдың шұрық тесігін жамап, тегістеп шыққан. Ауылдастарына үндеу тастап, асарды ұйымдастырған жергілікті кәсіпкер Руслан Сәттібеков. Оның айтуынша, бұл жол ең бірінші кезекте ауыл халқы үшін қажет. «Бұл біздің күнделікті жүретін жолымыз. Сондықтан «мемлекет қашан жасап береді» деп қарап отырмай өзіміз іске кірістік. Бұл жерде мәселе аудан немесе облыс билігін сынау емес, қайта әкімдіктегілердің бір жағына шығысып, басқа ауылдарға үлгі болайық деген ниетте болдық», — дейді кәсіпкер. Имандылық жолында жүрген Руслан Сәттібеков ең бастысы, ауыл тұрғындарының сауапты іс атқарғанын да айтады.

«Себебі жол және көпір салу сауабы еселенетіні туралы Құранда да айтылған. Ал өзге ақпарат көздері мен әлеуметтік желілерде қазір бас салып жергілікті билікті сынауға кірісті. Ол дұрыс емес. Біз бұл жұмыстарды ауыл әкімдігімен бірлесе атқардық», — дейді асарды ұйымдастырған Руслан Сәттібеков. Жөндеу жұмыстарына ауылдың 50-60 тұрғыны, 20-дан астам техника тартылған. Материалдарға 500 мың теңгедей қаражат жұмсалыпты.

Айта кету керек бұл жол КСРО Халық әртісі, әйгілі композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы аясында ағымдағы жөндеуден өткен. Бірақ уақыт өте тозыңқырай бастаған. Ұйымдастырушылар біраз күш және қаржы жинап алғаннан кейін қалған 7-8 шақырым жолды жөндейтінін атап өтті.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды