jasqazaq.kz

Ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды

19 тамыз 2019, 20:57

Жамбылда сұмдық жағдай! Бесағаш ауылының имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды. Алайда тақуа кісінің, тай-құлындай бірге өскен замандасын не себепті ажал құштырғаны әзірге айтылмай отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Дәулетжан Бектембаев, Жамбыл аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары:

— 51 жастағы азамат ас бөлмесіндегі пышағын алып шығып, көршісіне пышақ салып, соңғысы оқиға орнында қаза болған. 51 жастағы азамат көршісінің қаза болғанына көзі жетіп, ауланың аяқ жағына барып, жіпке асылып өлген.

Қайғылы оқиға 51 жастағы азаматтың қорасында болған. Имам оның жүрек тұсына пышақ сұғыпты. Замандасы сол жерде есін жимастан көз жұмған. Екі марқұм бір-бірімен түйдей құрдас. Қансырап өлген кісі бойдақ, ал асылып қалған молданың үш баласы мен жары бар. Ел ішінде кішкентайынан бірге өскен достар арасындағы дауға әйел себеп болуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Жел сөзге сенсек, 15 жылдық тәжрибесі бар имам жұбайын құрдасынан қызғанған деседі. Бірақ бұл қаңқу сөзді әзірге құзырлы орын растаған жоқ. Қазір бұл жантүршігерлік дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал ауыл адамдары қолын қанға бояп, артынан өзін өлтірген дін жолындағы азаматтың қызу қанды болғанын жасырмады.

Сағидолла Сатыбалдиев, Бесағаш ауылының тұрғыны:

— Келіспеушілік екеуінің арасында болып отыр ғой. Мына жақтағы Қанат деген жігіт бойдақ, мынау үйленген, үш баласы бар. Айтып отырмын ғой, ол ызақор. Арасына біреулер кірді ме, әйтеуір, сондай болыпты. Оның нақтысын білмейміз енді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда