jasqazaq.kz

Ауыл әкімі параны малмен алған

26 маусым 2020, 17:58

Алматы облысы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі жалпы құны 7 млн теңге болатын малды пара ретінде алған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

«Алматы облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол шаруа қожалығы аумағында орналасқан 40 гектар көлді жеке меншік ретінде тіркегені үшін шаруа қожалығы өкілінен жалпы сомасы 7 000 000 теңгеге мал түрінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда», — деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

Спикердің айтуынша, күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия