jasqazaq.kz

Ауыл әкімі әлеуметтік желіде өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді 

04 тамыз 2022, 10:35

Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий әлеуметтік желілерде өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Виталий Бруцкийдің айтуынша, Instagram парақшаларының бірінде ол өзінің досына 18 гектар жер рәсімдегені туралы видео жарияланған. Бұл учаске азаматтардың шағымы бойынша тексерілгені айтылған. Оның аумағы «тазаланбаған, қазаншұңқыр, қабыршақ, құбырлар қалдырылған». Автор аталған постқа өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, прокуратура мен облыс әкіміне назар аударуды сұраған. Оның сөзінше, егер мәселе шешілмесе, Президентке жүгінеді. Алайда, ауылдық округ басшысы В.Бруцкий таратылған ақпаратты жоққа шығарды. Бұдан бөлек, Виталий Бруцкийдің атына өзге бір азамат қорлық сөздер жолдаған. Мәселен, «Депутатқа сұрақ» WhatsApp-чатында ер адам ауыл әкімін әрекетсіздік үшін айыптап, дауыстық хабарлама жіберген. Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий сотқа арызданып, онда Instagram және WhatsApp-та таратылған өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ екі жауапкерден бұл ақпаратты жоққа шығаруды міндеттеуді сұрады. Сондай-ақ моральдық зиян үшін екеуінен де 500 мың теңгеден өндіріп алуды талап етті. Жауапкерлердің біріне қатысты істі Павлодар қалалық соты қарауға кірісті.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде