jasqazaq.kz

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау қалай өтеді?

21 мамыр 2021, 12:27

Ауыл әкімдерін сайлау осы жылдың шілде айының соңғы 10 күні ішінде өтуі тиіс. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, сайлау 2021 жылдың тамыз айынан бастап өкілеттігі аяқталатын әкімдерге қатысты болады. Бұл ретте сайлау 40 күн бұрын жарияланады. Ал сайлаудың өзі іс басындағы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. «Осылайша, алғашқы тікелей сайлау осы жылдың шілде айының соңғы онкүндігінде өтуі тиіс. Бұл ретте кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланғаннан кейін келесі күні басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін 15 күн бұрын аяқталады. Яғни ұзарту мерзімінің ұзақтығы 14 күнге дейін жетуі мүмкін. Осы уақыт ішінде кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады», — деді министрліктен ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай. Кандидаттарды тіркеу сайлау күнінен 10 күн бұрын аяқталады. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді. Сайлау күнінің алдындағы соңғы онкүндікте үгіт-насихат іс-шаралары, тіркелген кандидаттар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар және сайлауға дайындық жүзеге асырылады. «Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады», — деп түсіндіреді ведомстводан.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия