jasqazaq.kz

Ауыл әйелдері арасындағы байқау төбелеспен аяқталды

12 қараша 2021, 11:25

Павлодар облысында мәдениет үйінің қызметкері бір тонна көмірді ұтып алған ауылдағы байқаудың жеңімпазын қызғаныштан ұрып тастаған. Оған айыппұл салынды.

Оқиға Қозыкеткен ауылында болған. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жақында мұнда «Ауылдағы әйел күні» өтті, онда жергілікті тұрғындар үлгілі ауыл тұрғынын таңдады. Бас жүлде ретінде жеңімпазға бір тонна көмір сатып алуға сертификат берілді.

Алайда ауылдастарының таңдауы байқау өткен мәдениет үйінің 30 жастағы қызметкеріне ұнамаған көрінеді. Іс-шара өткен соң әйел ауылдағы клубта алкоголь ішіп, отырыс ұйымдастырған, содан кейін байқау жеңімпазын іздеуге кеткен.

Ол уақытта әйел құрбысының үйінде болған.

«Басқа біреудің үйіне кіріп, мәдениет үйінің қызметкері қызғаныштан байқау жеңімпазын ұрып-соғып, айғайлай бастаған. Оның айғайынан үйде ұйықтап жатқан кішкентай балалар оянып, қорқып қалған. Пәтер иесінің тынышталып, үйден кету туралы өтінішіне жауап бермеген», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ауылдың көп тұрғыны агрессивті әйелден қорыққанын айтты. Зардап шеккен әйел де оған шағымды бірден түсірмеген.

Сот мәліметтеріне сүйенсек, жәбірленушінің беті, аяқ-қолы көгеріп жырылған. Сарапшылар денсаулыққа жеңіл зиян тиді деп бағалады.

Успен аудандық соты Қозыкеткен ауылының мәдениет үйінің қызметкерін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік тәртіппен 15 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салды. Сот құжатында сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, айыппұл сомасын отыз пайызға, 30 628 теңгеге дейін қысқартқаны айтылған.

Айта кетейік, құқық бұзушы Қозыкеткен мәдениет үйінде меңгеруші болып жұмыс істейді. Алайда Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының хабарлауынша, ресми түрде ол Успен ауданы әкімдігінде әдіскер. Сонымен қатар ол ауылдық мәдениет үйінің жұмысына жауапты екенін айтты.

Stan.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр