jasqazaq.kz

Аустралиядағы өрт: Канберрада төтенше жағдай жарияланды

31 қантар 2020, 15:07

Аустралия астанасы аумағы (АЕА) билігі Канберраның оңтүстігінде қатты өртке байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Шенеуніктердің айтуынша, бұл соңғы онжылдықтағы ең қауіпті өрт болып отыр. Өрт аумақтың оңтүстігінде 18 500 гектар аумақты шарпыған. Канберра қаласының маңындағы тұрғындарды эвакуацияға дайын болуға шақырды. Сидней мен Мельбурн арасында орналасқан шағын ауданда 400 мың адам тұрады.

2003 жылы Канберра қаласының маңындағы орман өртінен төрт адам қаза тауып, 500-ден астамы зардап шекті және 470 үй қирады. «Қазір елорда аумағына орман өртіне байланысты қауіп төніп тұр», — деп мәлімдеді жұма күні елорда өңірінің бас министрі Эндрю Барр. «Қазіргі уақытта елорда аумақтық үкіметі үшін орман өртінің қаупінен басқа маңызды мәселе жоқ». Барр мырза өрттің «бағынбай кетуі мүмкін екенін» ескертті, себебі ауа температурасы желмен бірге 40 градусқа дейін көтерілді. Ол орман өртінің Таггеранонг ауданынан оңтүстікке қарай Канберра парламенті ғимаратынан 20 минуттық жерде қатты болғанын айтты. Барр өрт сөндіру органдарына қосымша күш, құрал және ресурс беретін төтенше жағдайдың «Канберраға қауіп төніп тұрғанға дейін» жалғасатынын мәлім етті. Өткен бейсенбіде Канберра әуежайының аумағына өрт жақындағандықтан жабылған еді. Үш америкалық өрт сөндіруші қалаға жақын маңда орман өртін сөндіріп жатып, ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапты. Аустралияда қыркүйектің басынан бері орман өртінен 33 адам мерт болып, мыңдаған үй қирады. 11 миллионнан астам гектар жер жанып кетті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия