jasqazaq.kz

Ауруханаға жатқызылған шымкенттік тұрғын карантиннен қашып кеткен

16 наурыз 2020, 19:09

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Сол рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталған. Сондықтан басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. Тәртіпке көнгісі келмеген шымкенттік ер адам ауруханадан қашып кеткен. Дереу іздеу шараларын бастаған полицейлер оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тапқан. Сол жерден ол қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Шымкентттік Вьетнамда жұмыс істеген. Ол әлем бойынша коронавирус тарай бастағанлықтан Алматыға Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр.

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова