jasqazaq.kz

Ауруханаға келіп, дәрігерлерді гранатамен қорқытқан

28 қазан 2020, 17:16


Павлодарлық тұрғын ауруханаға кіріп, дәрігерлерді жарылғыш затпен қорқытқан. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 қазан күні таңертең Петропавл қаласының 58 жастағы тұрғыны №4 емханаға гранатамен кіріп, медициналық қызметкерлерді қорқытқан.

«Полицияға қоңырау таңғы 9:10-да келіп түсті. Ауруханаға барлық полиция қызметтеркерлері жіберілді. № 4 емхана ғимаратынан медициналық қызметкерлер мен 100-ден астам пациент эвакуацияланды», — деді СҚО ПД бастығы Еңбек Сембин.

Оның айтуынша, арнайы мамандар гранатаны алып, оны контейнерге салған. Алдын ала тексеру бойынша Ф-1 гранатасының өз тұтандырғышы жоқ және жарыла алмайтын болып шықты.

Медициналық мекемені аяғынан тік тұрғызған ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол бұл әрекетке аурухана жұмысына наразы болғаны үшін барғанын айтты. Сондай-ақ, ер адамның Ауған соғысының қатысушысы екені белгілі болды.

Оған қатысты қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия