jasqazaq.kz

Ауруханадан шыққан жігіт жедел жәрдем көлігін айдап кетті

21 мамыр 2021, 14:30

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны ауруханадан үйіне жаяу қайтқысы келмей, жедел жәрдем көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бәйтерек ауданына қарасты ауылдың 30 жастағы тұрғыны аяғын жарақаттап, жедел жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері оны ауруханаға апарып, көмек көрсетіп, үйіне жіберген.

Медициналық мекемеден шыққан соң, кілті ішінде тұрған жедел жәрдем көлігін көрген. Ол үйіне жаяу қайтқысы келмей, дәрігерлердің көлігін айдап кеткен.

Алайда ол алысқа бармай-ақ, ауыл мектебінің қоршауына соғылды.

Жедел жәрдем жүргізушісі оны осы сәтте қуып жеткенімен, жас жігіт аяғының жарақатына қарамастан қоршаудан секіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі кезде шығын көлемі анықталып жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, ер адам ұсталды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді