jasqazaq.kz

Aуруханада таңғы астан құртқа ұқсас нәрсе табылды

25 қазан 2018, 17:42

Жаңақала аудандық орталық ауруханасында таңғы астан құртқа ұқсас нәрсе табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аурухана директоры Шыңғыс Сәрсенғалиевтің айтуынша, оқиға кеше орын алды. Тамақ ішу кезінде науқас әйел тарелкасынан құртқа ұқсас нәрсені байқап қалып, ас таратушыға кері қайтарған. Таңғы асқа бидай ботқасы берілген. Оны кезекші дәрігер өзі тексеріп. сынамасын алғаннан кейін тамақ науқастарға үлестірілген. Оқиға орын алған бойда жедел кезекші дәрігерге, бөлім меңгерушісіне, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасарына хабарланып, аталған асқа акт жасалып, санитарлық сараптама орталығына жіберілді. «Жылдың басында Жаңақала аудандық орталық ауруханасына тамақты тасымалдаушы ретінде аутсорсинг тәсілімен «Жанали» ЖК анықталған болатын. Оқиға орын алғаннан кейін «Жанали» ЖК басшылығы ауруханаға шақырылып, науқастармен сөйлесіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Егер сараптама қорытындысына сәйкес әкелінген тамақ талапқа сай болмай, бөгде нәрсе анықталатын болса, ауруханаға дайын тамақ тасымалдаушы «Жанали» ЖК-мен келісімшартты бұзу жөнінде арыз түсіріледі, бұл жөнінде кәсіпкерлікке хабарлама жіберілді. Сараптама қорытындысы алынған уақыттан бастап есептегенде, үш күннен кейін шығады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ш.Сәрсенғалиев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді