jasqazaq.kz

Ауруханада ковид марқұмның телефоны ұрланып, күзетші күдікке ілікті

22 қыркүйек 2021, 17:25

Емдеу мекемесінің күзетшісі Теміртауда COVID-19-дан қайтыс болған науқастың ұялы телефонын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

11 тамызда Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласы Ескі қала полиция бөліміне 67 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол медициналық мекемелердің бірінде белгісіз ер адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 65 жастағы әйелінің 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап алғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Телефон заттай айғақ ретінде алынды, — деді Қарағанды ​​облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин.
Полициядағылар анықтағандай, күдікті медициналық мекемеде күзетші болып жұмыс істеген, тек ұсталуынан бірнеше күн бұрын жұмыстан шығып кеткен. Оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия