jasqazaq.kz

Аурухана басшылары қызметкерлерінен пара алғаны үшін ұсталды

26 маусым 2021, 13:34

Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, екі орынбасары мен екі мейірбике қарамағындағы медицина қызметкерінен ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, екі орынбасары және екі мейірбике коронавирусқа қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге рұқсат беруді қамтамасыз еткені үшін қарамағындағы 25 медицина қызметкерінен жалпы сомасы 3,1 миллион теңгеге жүйелі пара алуда әшкереленді. Аурухананың осы бөлігіндегі жұмыс медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы алуға мүмкіндік берген», — делінген хабарламада.

Олар әр адамнан 100-150 мың теңгеге дейін алып отырғаны хабарланды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбады.

Алайда бұл мұндай жалғыз дерек емес. Қостанай облысында Қамысты жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының фельдшері үстемақы алу үшін 103 пультіне жалған қоңыраулар шалып, науқастарға бару туралы жалған есептер шығарғаны, пара алу схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

«Мұның бәрі медицина қызметкерлері мен жүргізушілерге қосымша төлемдер алуға мүмкіндік берді, ол қаражаттың бір бөлігі қолма-қол ақшамен және банк картасына аудару арқылы фельдшерлерге берілген», — дейді Антикор өкілдері.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия