jasqazaq.kz

Ауласында қара сора өсірген (видео)

23 мамыр 2020, 15:06

Алматы облысының тұрғыны бақшасындағы жер телімінде мың түп қара сора өсіргендігі анықталды.

Еліміздің оңтүстік өңірінде жылы күндердің тұрақталуымен құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіруге деген әрекеттер қолға алына бастайды.

Алматы облысының есірткі полицейлері жедел ахуалды зерделеу және пысықтау нәтижесінде өзінің бақшасындағы жер телімінде 1259 түп қара сора еккен, Қарасай ауданы Қолды ауылының жергілікті тұрғынын анықтады.

Заңсыз плантация ғылыми-аграрлық тұрғыда егілген, яғни өсімдіктерді қоректендіру және тамшылап суару әдісі қолданылған. Бұдан әрі өсімдікті толыққанды суару көзделген. Қара сора плантациясын көршілерден жасыру үшін екі метрлік қоршаумен қоршалған.

Ұсталған адамның үйіне және шаруашылық құрылыс жайларына тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған үш пакет, сондай-ақ қара сора дәндері бар пакеттер табылды.

Қара сора өсірілген плантация жойылды.

Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы (құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша жаза екі мың АЕК дейін айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

https://youtu.be/e-lzaGf032Q

Polisia.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде