jasqazaq.kz

Аукционда сатылған тіс емханасының тағдыры не болмақ?

19 қараша 2018, 22:22

Алматыда тіс емханасын аукционнан сатып алған жаңа қожайын оны қайта саудаға шығарған. Алматыдағы балаларға тегін қызмет көрсететін жалғыз мемлекеттік тіс емханасы аукционда сатылды. Заң бойынша оның қызметі сол қалпында қалуы, жұмыс орны сақталуы тиіс. Бір қызығы, аукцион өте сала мекеме үй сататын сайтта қайтадан сатылады деп тұр. Қызметкерлер ендігі күніміз не болады деп түсінбей дал. Жаңа қожайындар не айтады? Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қырық жылдық тарихы бар балалар тіс емханасының басына қара бұлт үйірілгендей. Осыған дейін қызметкерлері мемлекеттік мекеменің сатылуына қарсымыз деп шулағанымен, базыналарына құлақ асқан ешкім болмады. Өткен апта аукционда 621 млн теңгеге сатылды. Атқамінерлер жұмыс орындары сақталады деп жұбатқанмен, көңілдерінде үміттен гөрі күдіктің салмағы басым.

Анар Наурызбай, тіс дәрігері:

-Бүгін сатылып кетті. Ертең тағы біреу алатын болса, істеп жүрген мына жақтағы біздегі қара халық қайда барады? Қыстың қырауында.

Бала-шаға біздің болашағымыз дейді. Сол бала-шағаның болашағын кім ойлап жатыр? Ақ халаттылардың ұлардай шулауына аукционнан кейін ғимараттың күн өтпей қайтадан сайтта сатылымға шыққаны себеп болды. Расында, 1300 шаршы метрлік аумақты алған мекеме 300 млн теңгеге сатылады деп тұр. Тілдессек, риэлтор иелігіне өткен соң не істесең де өзің біл дейді. Жаңа қожайындар болса бұл хабарландырудан бейхабармыз, қайтадан сатылуы мүмкін емес деп ақталды. Бірақ,«жел тұрмаса шөптің басы қимылдамас». Гәптің қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

— Бұл фейк. Әлеуметтік желілерге қатты сене берудің де қажеті жоқ.

О баста Алматыда балалардың тісін тегін емдейтін екі мемлекеттік емхана болатын. Оның бірі осыдан 18 жыл бұрын сатылып, супермаркет болып түрленіп көзден бұлбұл ұшты. Енді жеке қолға өткен стоматология соның күйін кешпей ме деген күдік ақ халаттыларға маза бермей тұр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде