jasqazaq.kz

Ауғанстаннан 40-тан астам әскери Өзбекстан шекарасын бұзып өткен

29 маусым 2021, 16:40

Екі күннің ішінде 40-тан астам ауғандық әскери қызметкер Өзбекстан елінің мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен.

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі ел аумағына Ауған әскерилерінің шекара бұзып өтуіне қатысты мәлімдеме жасады. «27 маусым күні ауған шекара әскерінің бір топ әскери қызметкері және халық жасақтарының жауынгерлері, барлығы 44 адам Өзбекстанның Шортеп уезі ауданындағы мемлекеттік шекараны бұзып өтті. Бұдан бір күн бұрын, 26 маусым күні шекараның аталған учаскесінде Өзбекстан аумағына көршілес ел күш құрылымдарының 3 өкілінің кіріп кету фактісі тіркелді. Ауғанстанның барлық азаматтары еліне қайтарылды. Өзбек аумағына заңсыз кіру әрекеттеріне қатаң түрде тойтарыс беріледі», — делінген мәлімдемеде. Ведомствоның атап өтуінше, Өзбекстан Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастарды, бейтараптылықты сақтауды және көрші елдің ішкі істеріне араласпауды қолдайды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия