jasqazaq.kz

Ауғанстандағы эвакуация кезінде үш бала ұшақта дүниеге келген

24 тамыз 2021, 17:21

Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау кезінде ұшақта үш бала дүниеге келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Көлік қолбасшылығы бастығы генерал Стив Лайонс әйелдер бортта босанған бірнеше жағдай туралы айтып берді. Ол эвакуацияланған адамдар ұшаққа отырар алдында медициналық тексеруден өтетінін айтты.

«Әр рейсте дәрігерлер бар. Медициналық тексеру — тіркеу және отырғызу рәсімінің бір бөлігі. Германиядағы Рамштайн базасына ұшақ қонар кезде бортта нәресте дүниеге келді деген хабар мені қатты тебіретті. Эвакуациялық рейстер кезінде әйелдер босанған жағдайлар кездеседі», — деді ол.

Олардың нақты саны туралы сұрақ қойғанда, генерал соңғы мәлімет бойынша, Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау кезінде үш бала үшақта дүниеге келгенін айтты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия