
Ауғанстанда төрт жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 16 адам қайтыс болды, тағы ондаған адам жарақат алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Сәрсенбіде кешке Ауғанстан астанасы Кабул мешітінде жарылыс болды. Билік пен аурухана өкілдері кем дегенде 5 адам қайтыс болып, тағы 26 адам жарақат алғанын хабарлады.
The death toll from four bombs that ripped through minibuses and a mosque in #Afghanistan has risen to at least 16, officials say, with some of the attacks claimed by #ISIS.https://t.co/1pIjyrO0XC
— Al Arabiya English (@AlArabiya_Eng) May 26, 2022
Бірнеше сағаттан кейін Ауғанстанның Балх провинциясында жолаушылар көлігі жарылды. Провинция қолбасшысының өкілі Мохаммад Асиф Вазери Мазари Шариф қаласындағы микроавтобустарға салынған үш бомбаның жарылуы салдарынан кем дегенде 9 адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 8-інің жағдайы ауыр.
Four bombs kill at least 16 in Afghanistan, Daesh claims responsibility https://t.co/8RYqWbpB0l
— Gulf Today (@gulftoday) May 26, 2022
Кейін ДАИШ террористік тобы («Ислам мемлекеті» Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласындағы жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.
Осы айдың басында Кабула мешітінде тағы бір жарылыс болған еді. Жеті адам қайтыс болды, тағы 17 адам жарақат алды.