jasqazaq.kz

Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, 250 адам көз жұмды 

22 маусым 2022, 14:06

Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен кемінде 250 адам көз жұмып, тағы 150-ге жуығы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Америка сейсмологтарының мәліметінше, 6,1 балдық жер сілкінісі таңсәріде 51 шақырым тереңдікте болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қираған үйлерді, көшелерде шашылып жатқан сынықтар мен үйінділерді, зардап шеккен адамдарды көруге болады. Жергілікті билік өкілі құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері елдің шекарасынан 500 шақырымнан астам қашықтықта сезілді. С оның ішінде Пәкістан мен Үндістан бар. Америка сейсмологтарының мәліметінше, зілзала Ауғанстан астанасы Кабулда және Пәкістанның астанасы Исламабадта да сезілді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр