jasqazaq.kz

Ауған-Иран шекарасында 500 көлік өртеніп кетті (видео)

15 ақпан 2021, 13:31

Ауғанстан мен Иран шекарасында орналасқан кеден бекетінде 500-ге жуық көлік өртеніп кетті, — деп хабарлайды The Times of Israel.

Оқиға батыс Герат провинциясындағы Ислам-Кала кеденінде болған. Басылым мәліметінше, өрт бензин тасушы жарылып кеткеннен кейін шыққан болуы мүмкін. Өрттің жалпы аумағы 20 мың шаршы метр. Жарылыс салдарынын 500 жүк көлігі өртеніп кеткен, оның 70-і ирандық жүк тасушыларға тиесілі болған. Шамамен 20 адам жарақат алған.

Иранның мемлекеттік телеарнасында болған эфир барысында ТЖ бойынша өкіл Мохсен Неджат жергілікті билік өртті сөндіруге 21 жедел жәрдем және 20 өртсөндіру экипажын жібергенін айтты. Жергілікті тұрғындар жағдайды пайдаланып шекарадан заңсыз өте бастаған.

Герат батыс провинциясының губернаторы Вахид Каталидің сөзінше, ол өртті сөндіруге Иран билігінен және ел аумағындағы НАТО өкілдерінен көмек сұрауға мәжбүр болған.

Одан бөлек, өрт салдарынан электр беру желілеріне зақым келген. Одан кейін Гератта электр энергиясында проблема туған.

«Алдын ала болжам бойынша, өрттың шығыны 50 миллион АҚШ доллары», — деді Гераттың сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Юнус Казизада.

Дереккөзі: tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде