jasqazaq.kz

Әуезов театрының жаңа маусымы басталды

03 қазан 2018, 9:00

Қазан – театр маусымының ашылу айы. Ғасырға жуық уақыт қазақ көрерменін өнермен сусындатып келе жатқан М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры  биыл 93 рет өз шымылдығын ашты.

Биыл театр ұжымы ашылу салтанатына ерекшелік енгізген. Театр тарландары қызыл кілеммен жүріп өтіп, көрермендерін тәнті етті. Алғашқы болып М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Казақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жол бастады. Сонымен қатар аталған театрдың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, Қазақстанның халық артисті Сәбит Оразбаев, директордың кеңесшісі, Қазақстанның халық артисті Есмұхан Обаев, Қазақстанның халық артистері Нүкетай Мышбаева мен Торғын Тасыбековалар жүріп өткен қызыл кілемді кейінгі буын әртістер жалғастырды.

Театр репертуары дәстүр бойынша биылғы маусымда да жаңа қойылымдармен толығады. 93-ші маусымда болатын жаңа премьералар: Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (трагедия), А.П.Чеxов «Ваня ағай» (драма), Л.Н.Толстой «Анна Каренина» (трагедия), А.Әшімов, А.Сейдімбек «Күн астындағы Күнекей қыз», Н.Эрдман «Өле қалсам қайтеді» (комедия), Э.Олби «Зоопарктегі оқиға» (псиxологиялық драма). 2019 жылдың жаңа спектакльдері — М.Әуезов «Қарагөз», У.Шекспир «Ричард — ІІІ», М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды», М.Горький «Васса Железнова». Сондай-ақ Қазақстанның қазіргі драматургиясынан 2 жаңа спектакль саxналанады.

Әр жыл сайын театр маусымын «Абай» қойылымымен ашу – театрдың мызғымас дәстүрі. Бұл – ғасырға жуық уақыт бойы қалыптасып, даму үстіндегі театрдың академиялық деңгейін, режиссуралық көркемдік биіктігін, актерлер ойынының асқан шеберлігінің көрсеткіші. Ал, режиссер Есмұхан Обаевтың сахналауымен қойылатын «Абай» традегиясы ұлы ойшылдың өмірі, болмысы, бұрынғы және қазіргі қазақ қоғамындағы Абай айтқан мәселелердің ұлы ақынның жаңашылдық, ағартушылық бағытындағы терең ойларымен астасып, көрерменін Абай әлеміне жетелейді. Алғаш рет Асқар Тоқпанов сахналаған «Абай» трагедиясы театрда 1940 жылдан бері жүріп келеді.

 

Мақпал Ноғайбаева

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді