jasqazaq.kz

Әуежайдың бас есепшісі парамен ұсталды

24 мамыр 2019, 14:14

Елордалық әуежайдың бас есепшісінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросына сілтеме жасап.

«Елордалық әуежайдың бас есепшісі Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 млн теңге сомасындағы пара беруде күдікті деп танылды. Сондай-ақ, күдікті акционерлік қоғамның 1,3 млрд теңгеден астам ақша қаражатын іс жүзінде жоқ шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 23 фирманың есеп айырысу шоттарына аудару арқылы жымқырды деп айыпталды. Келтірілген залалды аудиторлық тексеру тұжырымы растады», — делінген Ұлттық бюро хабарламасында. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сот санкциясы бойынша күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда