jasqazaq.kz

Әуежайда жыланның уымен ұсталды

02 желтоқсан 2018, 16:10

Астана әуежайында жыланның уы бар ампулалармен шетелге ұшпақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен мәлім еткендей, 59 жастағы Қазақстан азаматы КС-103 «Астана-Киев» әуе рейсімен ұшып шықпақ болған. «Одан 64 ампула «Vipera Levetana» (қарасұр жыланның уы) дәрісі табылып, тәркіленді», — делінген баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, қарасұр жылан аса қауіпті жыландардың қатарына жатады. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген. ҰҚК Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, соңғы күндері шекарашылар бірнеше өңірде дәрі-дәрмектерді заңсыз алып өту әрекетінің жолын кескен. Мәселен, Зайсан шекара жасағына қарасты «Майқапшағай» өткізу пункітінің шекара наряды 30 қараша күні «Үрүмжі — Зайсан» бағытындағы жолаушылар автобусын тексерген. Оның барысында 1983 жылы туған қазақстандық азаматшаның қол жүгінен жалпы салмағы 11,4 кг қытай дәрі-дәрмегі табылған. «Препараттардың рұқсат қағаздары болмаған. Олар тәркіленіп, Майқапшағай кеден бекетіне тапсырылды», — деді Шекара қызметінен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді