
Алматы Халықаралық әуежайында жарылғыш зат қойылды деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалған хабар бүгін 14:30-да түскен. Жедел түрде жүргізілген тексеру шаралары нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Келеңсіз оқиға ұшақтар кестесіне ықпал етпегенімен, жолаушыларға біраз қолайсыздық туғызды. Тексеру біткенше жолаушыларға жолжүктерін күтуге тура келді.