jasqazaq.kz

Әуежайда қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19 қараша 2020, 14:34

 

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Шымкент қаласының әуежай қызметкерінен құқық бұзушыға қатысты шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті.
Өтініш берушінің айтуынша, күту залында масаң күйде болған ер адам өзін агрессивті ұстаған, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев айтты.

Оның айтуынша, оқиға орнына келген көлік полицейлері оны тыныштандыруға тырысқан. Алайда, құқықбұзушы тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы ескертулеріне құлақ аспай, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған.
Ер адам билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға дауысын көтеріп, ашық түрде балағаттаған.

Тексеру барысында көлік полицейлері құқық бұзушының Түркістан облысының 37 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

«Аталған азамат полиция бөліміне жеткізіліп, онда оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, яғни, жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу;ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі, яғни, ұсақ бұзақылық; ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі, яғни,құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбаужәне ҚР ӘҚБтК-нің 378-бабы 1 ҚР ҚК, яғни,билік өкілін қорлау фактілері бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды», — деді полиция полковнигі.

Медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Қоғамдық орындарда масаң күйінде болу фактісі бойынша оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Екі әкімшілік бап бойынша материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процестік шешімін қабылдау үшін жолданды.
Сондай — ақ, билік өкілін қорлау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде», — деп сөзін толықтырды Бекеев.

 Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде