jasqazaq.kz

Әуежайда елдің мазасын алған екі мас жолаушыға айыппұл салынды

28 қазан 2020, 17:30


Көлік полицейлері елорда әуежайында Алматы қаласының екі тұрғынын әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартты.

25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы тексеру қызметінің инспекторы екі жолаушыға қатысты шара қабылдау туралы өтінішпен келді. Оның айтуынша, олар балағат сөздер айтып, өздерін дөрекі ұстаған, сөйтіп «FlyArystan» әуекомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағытындағы рейсіне отырғызу талонынсыз өтуге тырысқан. Оқиға орнында әуежайдағы полиция қызметкерлері оларды тыныштандыруға тырысқанымен, олар тәртіп сақшыларының ескертуіне құлақ аспай, бағынбаған. Тексеру барысында көлік полицейлері олардың 1985 және 1986 жылы туған Алматы қаласының тұрғындары екенін анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес аталған азаматтар жеңіл дәрежедегі алкогольді мас болған. Осы факті бойынша полицейлер ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 667-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырды. Қоғамдық орынға мас күйде келу фактісі бойынша оларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

ҚазАқпарат

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия