jasqazaq.kz

Әуежай маңындағы жер телімдеріне қатысты тергеу басталды

10 қантар 2020, 15:38

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Алматы әуежайының маңынан жер учаскелерін заңсыз беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Әуежай аумағына жақын жерде заңсыз құрылыс мәселесіне келер болсақ. Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Талғар ауданында әуежайы маңында жер учаскелерін заңсыз беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 2015-2019 жылдары Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары қызметтерін асыра пайдаланып, жеке шаруашылық жүргізуге, тұрғын үй құрылысын салуға әуежайдың санитарлық қорғаныс аймағынан заңсыз жер бергені анықталды. Санитарлық ереже бойынша, санитарлық қорғаныс аймағында қайта салынып жатқан құрылыс, қайта құрылып не ұйымдастырылып жатқан бау-бақша серіктестігі немесе жеке саяжай учаскелеріне рұқсат етілмейді», — деді Скляр Нұр-Сұлтандағы ОКҚ баспасөз мәслихатында. Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан ұшып шыққан 93 жолаушысы бар Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежай маңына құлаған болатын. ІІМ мәліметі бойынша апат салдарынан 12 адам қаза болған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия