jasqazaq.kz

Әуедегі коронавирустың алдын алу

12 наурыз 2020, 10:14

Air Astana әуе компаниясы жолаушыларға Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына сәйкес борттағы коронавирустық инфекцияның алдын-алу шараларын күшейтілгені туралы хабарлайды.

Ұшақтарды жерде зарарсыздандыру және ұшуға дайындық

— Жолаушыларды тіркеу үшін жердегі қызметкерлеріміз маскалар мен қолғапты киеді.

— Келу әуежайларында халықаралық рейстерде жүрген барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің температурасы тексеріледі.

— Барлық экипаж мүшелері гигиена және COVID-19 белгілері бойынша ұшудан бұрын жаттығудан өтеді. Экипаждарға дезинфекциялық құралдар, қолғаптар мен бет маскалары беріледі.

— Әр рейстен кейін ұшақ тазаланады және салон арнайы зарарсыздандырғышпен екі рет өңделеді.

Әуежайлық қызмет

— Ауру таралу қаупін азайту үшін біздің барлық әуе кемелеріміз жолаушыларға арналған медициналық маскалармен жабдықталған.

— Егер жолаушылардың біреуінде күдікті белгілер болса, онда барлық жолаушыларға маска беріледі, ал ұшып келген кезде әуе компаниясы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жұмыскерлері патогенді жою үшін әуе кемесінде зарарсыздандыру, дезинфекциялау және терең тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Ауа сапасы және желдету

— Air Astana әуе компаниясының барлық ұшақтары микробтардың 99,97% -на дейін ұстайтын (HEPA) сүзгілермен жабдықталған. Әуе кемелерін өндірушінің ережелеріне сәйкес сүзгілер үнемі ауыстылып отырады.

— Сонымен бірге, IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) мәліметтері бойынша, ұшақтардағы ауа кеңселер мен сауда орталықтарына қарағанда қауіпсіздеу және жиірек жаңартылады.

Әуе компаниясы жолаушылардан ДДСҰ ұсыныстарын ұстануды және қолды үнемі жуып отыруды немесе санитарлық тазартқыш құралдарын қолдануды және басқа адамдарға жақындамауды сұрайды.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі