jasqazaq.kz

Аудиторлар 1 миллион теңге пара алу күдігіне ілінді

02 қазан 2020, 14:07

Алматы облысында екі аудитор 1 миллион теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінді.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысының ауыр түрін жасау күдігі бойынша Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында.

Олардың әрекеті Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісіндегі қылмыстық істе қаралуда.

«Олар Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысынан тексерілетін «Жамбыл ауданының Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу және салу» нысаны бойынша аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда», — деді ол.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық