
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Жүк көлігіне соғылмайын деп қашқан Mercedes Benz көлігі Audi-ге соғылып, соңғы жеңіл көліктегі бес адамның бәрі бақилық болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
— Құдай сақтасын!
Оқиға Алматы-Бішкек тас жолында кешкі сағат сегіз жарымда болды. Mercedes Benz көлігінің 50 жастағы жүргізушісі бұрылыс жасағалы тұрған жүк көлігінен қашып қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол мезетте өз жолымен келе жатқан Audi көлігімен оңбай соқтығысады. Қатты соққыдан Audi көлігінде отырған бес адам оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болғандардың біреуі – бала. Mercedes -тің иесі дін-аман. Қазір ол қамауда. Ал опат болғандар – Тараз қаласының тұрғындары.